freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді

Қоғам
Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары ел игілігіне берілді
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында қайта жаңғыртылған теміржол вокзалдары салтанатты түрде пайдалануға берілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңақорған вокзалы 1 млрд теңгеден астам қаржыға қайта жаңғыртылып, тәулігіне 121 жолаушыға қызмет көрсетуге бейімделсе, аумағы 9 474 шаршы метр болатын Шиелі вокзалына 836 млн теңгеден астам қаржы жұмсалып, тәулігіне 200 жолаушыны қабылдайтын заманауи нысанға айналды.

Екі вокзалда да қасбет пен іргетас жаңартылып, шатыр, есік-терезелер ауыстырылды, инженерлік желілер мен жылу жүйесі жаңаланып, перрон аумақтары абаттандырылды.



Салтанатты рәсімде облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жаңғыртылған вокзалдардың тұрғындар мен жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беретінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу