freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек Әлімханұлының ағзасына допинг қалай түсті? Менеджер күтпеген мәлімдеме жасады

Спорт
Жәнібек Әлімханұлының ағзасына допинг қалай түсті? Менеджер күтпеген мәлімдеме жасады
Top Rank. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас спортшының ағзасынан табылған мельдонийге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Америкалық журналист Стив Ким боксшының өкілімен сөйлескенін хабарлады. Менеджердің айтуынша, құрамында тыйым салынған зат бар дәрі өткен жылдың мамыр айында медициналық мақсатта қолданылған.

Климастың мәліметінше, 7 мамыр күні Жәнібек бас ауруы, жүрек айну, құсу және бас айналу белгілеріне байланысты "Адам" клиникасына жүгінген. Бұл жағдай 25 сәуірде Астанада Анауэль Нгамиссенгеге қарсы өткен жекпе-жектен кейін туындаған. Дәрігерлер оған құрамында мельдоний бар "Рипронат" препаратын тағайындаған. Ресми ақпаратта дәрі "аурудың жедел сипатына байланысты көктамыр арқылы енгізілгені" көрсетілген.

Менеджердің сөзінше, мельдоний адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

"Біздің ақпаратқа сәйкес, мельдоний ағзада тоғыз айға дейін анықталуы ықтимал. Ем қабылдаған сәтте Жәнібектің алдағы жекпе-жектері жоспарланбаған және ол Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тексерісінен өтпеген. Дәрігерлер Қазақстанда заңды әрі рецептсіз сатылатын препараттарды қолданған", – деді Эгис Климас.

Алайда желтоқсан айында алынған допинг-сынаманың нәтижесінде спортшының ағзасынан тыйым салынған зат табылған. Істі қарағаннан кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлын 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. Дегенмен, ол чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу