freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сүйінші, ағайын! Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлына қатысты қуанышты хабар тарады

Спорт
Сүйінші, ағайын! Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлына қатысты қуанышты хабар тарады
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлын мельдонийге тапсырған оң допинг-сынағына байланысты бір жылға шеттетті. Алайда оның чемпиондық белбеулері өзінде қалатын болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спорт басылымының мәліметінше, дисквалификация мерзімі ішінде қазақ боксшысына кез келген кәсіби және коммерциялық жекпе-жектерге қатысуға тыйым салынады.

Орта салмақта белсенділікті сақтау және рейтингтегі үміткерлердің құқығын қорғау мақсатында WBO уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Бірінші нөмірлі үміткер Дензел Бентли екінші нөмірлі Энди Сааведрамен кездеседі.

Сондай-ақ дисквалификация мерзімі аяқталған соң Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуі тиіс. Бұл айқас толыққанды чемпионды анықтайды. WBO шешіміне сәйкес, бұған дейін ешқандай аралық кездесу өткізуге болмайды. Егер талап орындалмаса, қосымша санкциялар қолданылуы мүмкін.

WBO президенті Густаво Оливьеридің айтуынша, чемпиондық жекпе-жектер комитеті бұл шешімді бірауыздан қабылдаған. Жаза мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Ұйым алдағы уақытта толық қорытындысы мен талаптары көрсетілген ресми құжатты жариялайды.

Еске сала кетейік, 6 желтоқсанға жоспарланған үш титул үшін айқас алдында Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына іліккен болатын. WBO қазақ боксшысының сынамасынан тыйым салынған зат табылғанын ресми растады. 19 қаңтарда іс бойынша екінші тыңдау өтті. Кейіннен допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта боксшы тергеу аяқталғанға дейін барлық жекпе-жектерден шеттетілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу