Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жантүршігерлік жол апаты: Павлодар облысында екі әйел қаза тапты

Оқиға
Жантүршігерлік жол апаты: Павлодар облысында екі әйел қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Павлодар облысында тайғақ жолда жол апаты салдарынан екі әйел жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жол апаты 27 желтоқсанда Павлодар – Омбы тасжолында, Бобровка ауылының маңында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Vitz көлігінің жүргізушісі көктайғақ кезінде рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысқан.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір әйел жүргізуші оқиға орнында көз жұмғанын, екіншісі Теренкөл ауданының ауруханасында қайтыс болғанын мәлімдеді. Апат кезінде көліктердің біріндегі жолаушы зардап шеккен. Жедел жәрдем бригадасы оны Павлодар облыстық ауруханасына жеткізген.

Оқиға орнынан Instagram-да жарияланған видеода соққының қатты болғаны сонша, автокөліктер жолдың екі жағына, шеткі бөліктерге қарай әр жаққа ұшып кеткені көрінеді.

Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу