freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаппай тәртіпсіздікке байланысты Сыртқы істер министрлігі үндеу жасады

Құқық
Жаппай тәртіпсіздікке байланысты Сыртқы істер министрлігі үндеу жасады
REUTERS

Мексикадағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты сол елге барған қазақстандықтарға үндеу жасалды. Бұл жөнінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Мексикада 35 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.

Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі елдегі ахуалға мұқият қарап отыр және отандастармен тұрақты байланыста. Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытуға және қауіпті жерлерге бармауға кеңес береміз, - делінген ҚР СІМ ақпаратында.

Еске салайық, жексенбі күні Мексиканың батысындағы кейбір аудандарда әскери операция кезінде қақтығыстар болды. Мексика әскері Халиско Жаңа ұрпақ картельінің жетекшісі, Эль-Менчо деген атпен белгілі Немесио Осегуера Сервантесті өлтірді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу