Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Жарып жіберетін орын»: Алматы тұрғыны желідегі жазбасы үшін тергеуге алынды

Қоғам
«Жарып жіберетін орын»: Алматы тұрғыны желідегі жазбасы үшін тергеуге алынды
видеодан скриншот

2GIS картасында діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жарияланымға ер адам жарылыс туралы пікір қалдырған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарып жіберетін орын, — делінген жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша жедел шара қолданғанын хабарлады. Іздестіру жұмыстары кезінде пікір авторының жеке басы анықталған, ол — 21 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Интернетке жазылған болса да, кез келген қорқыту полиция тарапынан қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер ретінде қаралады. Мұндай «әзілдердің» салдары ауыр болуы мүмкін. Әрбір хабарлама мұқият тексеріліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады, — деді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу