Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жасанды интеллект іздеу жарияланған адамдарды анықтап жатыр

Құқық
Жасанды интеллект іздеу жарияланған адамдарды анықтап жатыр

Жасанды интеллект пен big data прокуратура қызметінде қалай қолданыла бастады? Бұл сұраққа Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жауап берді.

Қазіргі таңда біз жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізіп жатырмыз. Ол, ең алдымен, қылмысты дер кезінде анықтауға және алдын алуға бағытталған. Қаладағы кейбір камераларға жасанды интеллект орнатылды. Камера жоқ жерлерде дрондар көмекке келеді. Осы құрылғыларға да жасанды интеллект енгізілді, – деді Ж. Өмірәлиев.

Оның айтуынша, жүйе бұзақылық әрекеттерді, төбелесті, қару ұстаған адамды автоматты түрде анықтайды және дереу хабарлама береді.

Іздеуде жүрген, пробацияда тіркеуде тұрған немесе үйқамақтағы азаматтардың тізімі цифрландырылып, жасанды интеллект жүйесіне қосылған. Егер бұл адамдар көшеде жүрсе, жүйе бірден белгі береді, – деп түсіндірді Бас Прокурордың орынбасары.

Фото: pixabay.com

 


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу