freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Жастар және Заң мен Тәртіп» атты облыстық «Жайдарман» ойындары өтті

Мәдениет
«Жастар және Заң мен Тәртіп» атты облыстық «Жайдарман» ойындары өтті
Фото: Қызылорда облысы

«12 тамыз – Халықаралық жастар күні» онкүндігі аясында Қызылорда қаласындағы Президент паркінің амфитеатрында «Жастар және заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық «Жайдарман» ойындары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Сайысқа Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан жас жайдарманшылар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл мен ұтқыр ой арқылы жеткізді. Қатысушылар өз қойылымдарында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, жауапкершілік, құқықтық мәдениет және азаматтық белсенділік тақырыптарын кеңінен қамтыды.

Шара барысында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов жастарға бағытталған мұндай бастамалардың тәрбиелік және қоғамдық маңызына тоқталды.

– Заң мен тәртіп – орнықты қоғамның негізгі тірегі. Құқықтық мәдениет тек заң талаптарын білу немесе оны орындаумен шектелмейді. Ол – әр азаматтың өз құқығы мен міндетін терең түсінуінен, қоғамдық ортадағы жауапкершілігін сезінуінен басталады. Әсіресе, елдің ертеңін қалыптастыратын жастардың бойында осы құндылықтардың берік орнығуы аса маңызды. Бүгінгі «Жайдарман» ойыны – жастардың шығармашылық әлеуетін танытумен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық көтерудің, азаматтық ұстанымды әзіл арқылы жеткізудің тиімді алаңы. Жастардың құқықтық сауаты жоғары, ойы сергек, жауапкершілігі мол болған сайын қоғам да соғұрлым берік болады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты күнделікті өмір салтына айналуы тиіс, – деді Руслан Мұхамедәліұлы.

Ойын барысында командалар сахналық қойылымдар арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарына құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелерін көрермен назарына ұсынды.

Айта кету қажет, биылғы Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуі және алда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында өткізілуде. 10–12 тамыз аралығында республика көлемінде «Жастармен бірге!» акциясы ұйымдастырылып, оның басты іс-шарасы Астанадағы «Jastar Fest» республикалық жастар фестивалі болмақ.

Сонымен қатар, өңірімізде Абай күніне арналған әдеби кештер, кітап оқу мәдениетін насихаттайтын «Оқы. Ойлан. Өзгер.» акциясы, «100 минут оқу» челленджі, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған кездесулер, сондай-ақ экологиялық және волонтерлік акциялар өткізіледі. Сондай-ақ, жастарға білім алу, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша кеңес беретін бірыңғай жастар алаңдары жұмыс істейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу