freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жаулар көбейсін, маған бәрібір": Әнші Ерболат Құдайберген ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қоғам
"Жаулар көбейсін, маған бәрібір": Әнші Ерболат Құдайберген ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
instagram.com/kudaybergen_erbolat_resmy. Суретте: Ақылбек Жеменей мен Ерболат Құдайберген

Танымал әнші Ерболат Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бұл жазбаны өзіне ұқсас адамның наркологиялық орталықта ұсталғаны туралы видео тарағаннан кейін алғаш рет жариялап отыр. Әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылғанымен, әнші қысқа да нұсқа мотивациялық мәтінмен жауап берді.

«Асфальт қала, тас көше, жүреміз ешкімге бас имей. Бағытым айқын, мақсатым биік, тоқтамаймын, тек алға! Қалтада аз ақша болса да, ойымда үлкен жоспар бар. Достар аман болсын, жаулар көбейсін — маған бәрібір, менде бәрі бар. Таңертең ерте тұрып, жоспар құрамын. Жақындарымды ойлап, алға ұмтыламын. Өмір қиын, иә, бірақ мойыма. Өз жолыңды тап, өз атыңды шығар!» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, жылы пікірлер қалдыруда. Көпшілік оның жігерлі сөздерін қолдап, шығармашылық табыс тілеуде.

Ерболат Құдайберген туралы

Ерболат Құдайберген 1982 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алайда отбасы көп ұзамай Алматыға қоныс аударып, болашақ әншінің балалық шағы осы қалада өтті. Айткүл мен Қанат Құдайбергеновтер төрт бала тәрбиелеген өнегелі жанұя. Отбасындағы кенже қыз Салтанатқа Ерболат алғашқы әнін арнағаны оның бауырмал мінезін аңғартады.

Өнерге жақындығы тегін емес. Әкесі мен анасы кәсіби музыкант болған. Олар Қарағандыда «Гакку» ансамблінде еңбек етсе, Алматыға көшкен соң «Гүлдер» ансамблінде жұмыс істеген. Осындай шығармашылық ортада өскен Ерболаттың музыкаға қызығушылығы ерте оянды. Бастауыш сыныпта музыкалық мектепке барып, фортепиано класында білім алды, кейін қылқобызды меңгерді. Дегенмен отбасының көшуіне байланысты музыкалық мектепті аяқтай алмады.

Жасөспірім кезінде ол көркемсурет колледжі мен музыкалық училищеде оқуға талпынғанымен, оқуын аяқтамай кеткен. Соған қарамастан, өнерге деген құштарлығы оны қайтадан білімге жетеледі. Кейін танымал әнші атанған соң республикалық эстрада-цирк училищесін және университетті тәмамдап, дирижер, вокалист әрі композитор мамандығын иеленді.

Студенттік шағында Талдықорғанда жүріп ән мәтіндері мен әуен жаза бастады. Оның шығармашылығын клипмейкер Асқар Ұзабаев байқап, 2007 жылы келісімшарт ұсынды. Сол жылы жарық көрген «Бойжеткен» әні жастар арасында кең тарады. Ал «Жігіттер» хиті оны елге танымал жұлдызға айналдырды. Осылайша Ерболат Құдайберген қазақ эстрадасындағы өз орнын қалыптастырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу