Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жауын-шашын, екпінді жел. 4 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қоғам
Жауын-шашын, екпінді жел. 4 тамызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 тамыз күні Қазақстанның үш ірі мегаполисі — Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.


Астанада – ауыспалы бұлтты, күн жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан, түнде екпіні 3-8 м/с, күндіз — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°С, күндіз +18…+20°С шамасында болады.

Алматыда жексенбіге қараған түні – ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды және екпіні күшті жел соғады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +26…+28°С жылы болады.

Шымкентте күн жауын-шашынсыз, аздап бұлтты ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 8-13 м/с. Түнгі температура +19…+21°С, күндізгі температура +35…+37°С-қа дейін көтеріледі.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу