freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зауыттағы жарылыстан 9 адам зардап шекті. Бектенов жағдайды бақылауға алды

Оқиға
Зауыттағы жарылыстан 9 адам зардап шекті. Бектенов жағдайды бақылауға алды
ҚР ТЖМ

Өскемен қаласындағы «Казцинк» ЖШС аумағында болған жарылыстан кейін тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

— Тағы бір адамға оқиға орнында реанимациялық көмек көрсетіліп жатыр. Бір зардап шегушіні кәсіпорын қызметкерлері өз күштерімен медициналық мекемеге жеткізді, — деп хабарлады төтенше қызмет өкілдері.

Сол жерде жедел жәрдемнің бес бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалған зардап шегушілердің жағдайы нақтыланады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылысты жеке бақылауына алды.

— Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдіктері қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады, — деді Үкімет отырысын ашқан Премьер-министр.

Бұған дейін кәсіпорында болған жарылыстан кейін өрт шыққаны, оның оқшауланғаны хабарланған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу