freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаз басталғалы су айдындарында 30 бала қаза тапты

Оқиға
Жаз басталғалы су айдындарында 30 бала қаза тапты
Фото: ӘІМ

1 маусымнан бері Қазақстанның су қоймаларында 93 адам қаза тапты, оның 30-ы – бала. Осы кезеңде құтқарушылар судан 177 адамды, соның ішінде 62 баланы алып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күніне орай #СоңғыЖүзгенКез (#ПоследнийЗаплыв)ақпараттық акциясын бастады.

Қайғылы оқиғаның көбі тыйым салынған жерлерде болады

ТЖМ мәліметінше, жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған және тыйым салынған орындарда болады.

«Әрбір санның артында адам өмірі, жақынын күтіп таба алмаған отбасы мен туған-туыстары тұр», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

ТЖМ тек рұқсат етілген әрі арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға және суға түсуге тыйым салынған жерлерге кірмеуге шақырады. Су бойында демалу кезінде ішімдік ішуге, жүзу шекарасын білдіретін белгілерден (буйкалардан) әрі асып жүзуге, көпірлерден, тік жартастардан және басқа да қауіпті жерлерден суға секіруге болмайды. Сондай-ақ, су көліктерінен қауіпсіз қашықтықта болған жөн.

Бөлек талап балаларғақатысты. Оларды кез келген жағдайда су жанында қараусыз қалдыруға  қатаң тыйым салынады.

Ведомство баршаны бұл акцияға қосылып, үндеуді туған-туыстарымен және жақындарымен бөлісуге шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу