freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

Құқық
Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті
Қызылорда облысы әкімдігі

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторлары «Тау самалы» жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Кездесу барысында балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жолдан дұрыс өту тәртібі, сондай-ақ велосипед, мопед және электр самокатын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, буллинг пен кибербуллингтің, вандализмнің, ұсақ бұзақылықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Шара соңында полиция қызметкерлері оқушыларды заң талаптарын құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.  Кездесу форматта өтіп, оқушылар құқықтық қауіпсіздікке қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу