Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зейнетақы ақшасын алу үшін айына қанша табыс табу керек?

Қоғам •
Зейнетақы ақшасын алу үшін айына қанша табыс табу керек?
Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Үкіметте өткен брифингте зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін белгіленген жеткіліктілік шектерінің жаңартылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Журналистер вице-министрден жаңартылған жеткіліктілік шектері нақты кімдерге арналғанын сұрады. Өйткені зейнетақы жинақтарын пайдалануға шынымен мұқтаж азаматтардың көпшілігі бұл қаражатты қажетті мақсаттарына жұмсай алмай отырғанын айтты.

Зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты – азаматтарды қартайған шағында зейнетақымен қамтамасыз ету. Егер ең төменгі жеткіліктілік шегі туралы айтатын болсақ, бұл – ұмтылу қажет межені білдіреді, – деді Виктория Шегай.

БАҚ өкілдері спикерден адам зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігіне ие болуы үшін 20 жастан бастап қанша табыс табуы керек екеніне қатысты есептеулер жүргізілген-жүргізілмегенін нақтылады. Алайда Еңбек министрлігінің өкілі бұл сұраққа жауап ретінде жоғарыда айтқан пікірін қайталады.

Қайталап айтамын, ең төменгі жеткіліктілік шектерінің негізгі мақсаты – 63 жасқа келгенде жеткілікті деңгейдегі зейнетақы алу үшін қажет ең төменгі зейнетақы жинағының көлемін айқындау, – деді Виктория Шегай.

Еске салайық, 6 маусымда БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу