freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жеке деректерді қолданып, 2 млрд несие алғандар ұсталды

Құқық
Жеке деректерді қолданып, 2 млрд несие алғандар ұсталды
Canva

Ақмола облысының прокурорлары шамамен 2 млрд теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл Ақмола облысының мамандандырылған прокурорлары аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, алдау жолымен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан заңсыз несие рәсімдегені анықталды. Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 2 млрд теңге болды.

Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 тамыздағы үкімімен барлық 21 сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Оның ішінде Алматы қаласында орналасқан пәтерлер, сондай-ақ Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry маркалы автокөліктер және өзге де қымбат бағалы көлік құралдары бар.

Облыстық прокуратура сот үкімі заңды күшіне енбегенін хабарлады.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу