freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский: АҚШ Украинаға ай сайын зымыран жеткізеді

Әлем
Зеленский: АҚШ Украинаға ай сайын зымыран жеткізеді
Фото: Marko Dimic/ZUMA/IMAGO

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымырандарды ай сайын жеткізу жөнінде келісім бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Алайда ол қарудың нақты саны мен түрін нақтыламады. Бұған дейін Трамп Байден әкімшілігі кезінде Украинаға көрсетілген көмектен кейін АҚШ-тың өз қорларын да қалпына келтіру қажеттігін ескерткен болатын.

Украина басшысы бұл туралы Сербия президенті Александр Вучичпен өткен баспасөз мәслихатында айтты. Зеленскийдің сөзінше, Киев АҚШ-тан әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымыран-перехватчиктерді алу жөнінде келісімге келген.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Украинаға әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымыран-перехватчиктерді ай сайын жеткізіп тұратынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Сербия президенті Александр Вучичпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты. Украина президентінің кеңсесі мәлімдеменің жазбасын 8 тамыз, сенбі күні таратты.

«Біріншіден, зымыранға қарсы зымырандар мен жүйелер кімде бар және оларды кім өндіреді десек, бұл — ең алдымен Америка Құрама Штаттары. Олар көмектесе ала ма? Біз жұмыс істеп жатырмыз… Олар бізге ай сайын зымыран бөліп бере ме? Иә. Бізде келісімдер бар», — деді Владимир Зеленский.

Сонымен қатар ол жеткізілетін зымырандардың саны жеткіліксіз болатынын айтты. Алайда нақты қанша зымыран берілетінін нақтыламады. Сондай-ақ Зеленский тиісті келісімдердің нақты қашан жасалғанын айтқан жоқ.

Бірқатар БАҚ Зеленскийдің сөзін Украинаға Patriot әуе қорғаныс кешендеріне арналған зымырандар жеткізілетіні туралы мәлімдеме ретінде түсіндірді. Украина президенті бұған дейін де осы зымырандардың тапшылығы туралы бірнеше рет айтқан болатын.

Алайда Зеленский өз сөзінде нақты қандай зымырандар туралы айтып отырғанын ашық айтпады.

Украина президенті 7 тамызда Сербияға барды. Бұл — Владимир Зеленскийдің Украина президенті қызметіне кіріскеннен бері Сербияға жасаған алғашқы ресми сапары.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу