freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зеленский әскери реформаның жаңа кезеңін жариялады

Әлем
Зеленский әскери реформаның жаңа кезеңін жариялады
Фото: Yevhen Titov/AP Photo/dpa/picture allianсе

Украина президенті Владимир Зеленский Қарулы күштердегі әскери қызмет жүйесін ауқымды реформалау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, Украина Қарулы күштерінде мерзімі нақты белгіленген үш түрлі келісімшарт енгізіледі. Олар 10 айға, 14 айға немесе 24 айға жасалады және қызметті аяқтау шарттары нақты көрсетіледі.

Сондай-ақ әскери қызметкерлердің жалақысы едәуір өседі. Зеленскийдің айтуынша, тылдағы әскери қызметкерлер кемінде 30 мың гривна алады. Ал майдан шебіндегі сарбаздардың орташа айлық төлемі 300 мың гривнаға дейін жетеді. Бұдан бөлек, жауынгерлік бөлімше командирлеріне берілетін төлемдерді арттыру көзделген.

Президенттің сөзінше, жаңа үстемақыларды төлеу тетігін Украина үкіметі бекітеді және алғашқы төлемдер маусым айында басталуы мүмкін.

Реформа аясында әскер қатарына шетел азаматтарын тарту және рекрутинг тетіктерін кеңейту де жоспарланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу