Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Желіде жала жапқан әдам 500 мың теңге айыппұл төлейді

Құқық
Желіде жала жапқан әдам 500 мың теңге айыппұл төлейді

Қызылордада әлеуметтік желі арқылы әйел адамға жала жауып абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген тұрғын айыппұл төлейтін болды.


Азаматша Д. әлеуметтік желі арқылы әйел кісіге жала жауып, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген. Әлеуметтік желіде пікір жазып, оны жалпы көрілімге шығарып жариялаған. 

— Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындап, пікір жазғанын растады. Оның әрекеті полиция қызметкерлерінің баянаттарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, түсініктеме, сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысы және басқа да іс бойынша құжаттармен дәлелденді. Бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген. Онда көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату жағдайы көрсетілген. Жала жапқан азаматша кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге айыппұл салынды, - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Фото: Gov.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу