Қазақстанда биыл Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізілмейді. Алайда 7-9 мамыр аралығында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Malim.kz.
Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабековтің мәліметінше, мерекелік бағдарламалар плац-концерт форматында өтеді. Онда әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар дала асханалары қойылып, келушілерге сарбаз ботқасы ұсынылады.
Шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері арнайы шақырылады. Вице-министрдің айтуынша, бұл іс-шараларға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді, ұйымдастыру жұмыстары жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.
Әр қаладағы мерекелік бағдарламалардың толық кестесі мерекеге жақын уақытта жарияланатыны айтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін ресми түрде мәлімдеген болатын.