Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Женнифер Лопестің концерті: Билет бағасы белгілі болды

Қоғам
Женнифер Лопестің концерті: Билет бағасы белгілі болды

Америкалық әнші Женнифер Лопестің Алматыда өтетін концертіне билеттердің құны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Концерт 10 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ticketon.kz сервисі Instagram парақшасында билеттер сатылымы 28 мамыр күні сағат 10:00-де басталатынын хабарлады.

Билет бағалары төмендегідей:

Ең арзан билет — 40 мың теңге,

Dance Floor аймағы — 90 мың теңге,

Фан-зона — 120 мың теңге,

VIP-аймақ — 180 мың теңге.

Бағалар бойынша толық ақпарат билет сату сервисінде көрсетілген.

Бұған дейін, сәуір айында, Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясында Астанада 1 тамыз күні өнер көрсететіні хабарланған еді. Әншінің Қазақстанға келетіні туралы жаңалықтан кейін билет сататын сайтқа жүктеме көбейіп, уақытша жұмыс істемей қалған.

21 мамырда ұйымдастырушылар Лопестің Қазақстанда екінші концертін өткізетінін растады — ол 10 тамыз күні Алматыда өтеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу