Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттері синтетикалық есірткі өндіретін екі жасырын зертхананың жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Жергілікті прокуратура мәліметінше, заңсыз айналымнан 10 келіден астам «мефедрон», шамамен 5 келі сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ, «синтетик» өндіруге арналған құрылғылар тәркіленген.
Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынған, оның еукеуі шетел азаматы.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: rb.kiev.ua