Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

Оқиға
Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды.


СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қараша күні Шал ақын ауданы Арай ауылының маңында  «ВАЗ 2107» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қиыршық тастардың үйіндісіне  соғылған.

Алған жарақаттардың салдарынан 2024 жылы туған көліктегі нәресте медициналық мекемеге бара жатқан кезде қайтыс болды. «ВАЗ 2107» автокөлігінің жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.

Осы факті бойынша полиция қызметкерлері қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі тергеуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.

Фото: qazaqstan.tv 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу