Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

Оқиға
Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында 20 қараша күні жеңіл көлік пен төтенше жағдайлар департаментінің КамАЗ көлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.


СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, JAC жеңіл көлігінің рулінде 1987 жылғы ер адам болған. Ал КамАЗ көлігінің жүргізушісіне медициналық көмектің қажеті болмады. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Қызылжар ауданында «Петропавл – Ишим» автожолында болған. Қазір осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.   

Фото: әлеуметтік желі  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу