Семей қаласында мас күйінде жасөспірім қыздарға тиісіп, зорлық-зомбылық көрсететінін айтып сес көрсеткен ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам оқушыларға ішімдік ұсынып, соңынан қудалаған және балағат сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Абай облыстық Полиция департаменті жедел тексеріс жүргізді.
Полицияға ресми арыз түспесе де, тәртіп сақшылары видео авторларын – 17 жастағы екі бойжеткенді тауып, жауап алды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Әуезов полиция бөлімінде тиісті іс-қағаздар толтырылып, заң аясында шара қолданылуда.