Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жүк көлігін мас күйде жүргізген рудныйлық тұрғын 15 күнге қамалды

Құқық
Жүк көлігін мас күйде жүргізген рудныйлық тұрғын 15 күнге қамалды
видеодан скриншот

Патрульдік полиция қызметкерлері Рудный қаласында көп тонналы жүк көлігін басқарған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасап, айналасына қауіп төндірген КамАЗ көлігін тоқтатты, деп жазды Azattyq Rýhy.

«32 жастағы ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан, сөйлеген сөзі түсініксіз, қозғалыс барысында реакциясы баяу болған. Медициналық куәландыру оның ауыр дәрежеде масаң күйде болғанын растады», - деп хабарлады полиция департаменті.

Заңға сәйкес құқық бұзушы қатаң жазаға тартылады, дәлірек айтсақ, ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу