Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жұмыс орнында жазым болғандар көбейді

Сұқбат
Жұмыс орнында жазым болғандар көбейді

Елімізде жұмыс орнында жүріп қаза тапқандар саны артқан. Әсіресе, тау-кен-металлургия, мұнай-газ, мұнай-химия және химия өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік нысандар қауіптің ошағы болып отыр. Жағымсыз деректі ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов айтты. 

 «Қазіргі таңда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалауда болса, оның ішінде 200 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысандар бар. 2022 жылдың аяғында 28 ЖКО тіркелді, нәтижесінде 32 адам зардап шекті, оның ішінде 15 адам қайтыс болды».

Сондай апаттардың бірі    өткен жылдың қараша айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтада орын алып, салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. 

2021 жылдың қараша айында осындай апат «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай кенішінде орын алып, 9 адам зардап шекті. 

ТЖМ өкілі адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін тудыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 733 қауіпті өндірістік нысанның жұмысы тоқтатылғанын атап өтті.

Былтыр  8 желтоқсанда АрселорМиттал Теміртауда тағы бір жұмысшы көз жұмған болатын.    

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу