31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Түркістан облысы Кентау қаласында газ жарылып, бір адам қаза тапқаны хабарланған еді. Белгілі болғандай, апаттан 18 жастағы студент қыз көз жұмған. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.
«Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасы марқұмның суреті мен сол түндегі жарылыстың видеосын жүктеген. Марқұмның туған-туысы апатқа кінәлі адамдардың жазалануын талап етіп отыр. Себебі, мекеме қызметкерлері газдың иісі қатты шықса да оларды жұмыстан босатпай қойған екен.
Жалпы, жарылыстан төрт адам жараланған. Олардың екеуі ауыр хәлде реанимацияда жатыр. Қаза тапқан бойжеткен осы қаладағы оқу орындарының бірінде екінші курс оқитыны және бұл жұмысқа небары бір ай бұрын ғана келгені белгілі болып отыр.