Трамптың әлеуметтік желі парақшалары бұғатталды

  • 07.01.2021
  • Malim Админ

Вашингтондағы оқиғаға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамптың Twitter   аккаунты 12 сағатқа бұғатталды. Twitter компаниясының өкілдері Трамптың әлеуметтік медиа ережелерін бұзатын соңғы үш жазбасын өшіруін сұраған. Талап орындалмаған жағдайда оның аккаунты бір жола бұғатталатынын айтқан.  Сонымен қоса фейсбук, инстаграм парақшасына да 24 сағат бойы ештеңе жаза алмайды.

Facebook пен YouTube әлеуметтік желілері Трамптың Капитолийдің жанындағы демонстранттарды үйге баруға шақырып, сайлауда берілген дауысты «ұрлады» деп жариялаған видеосына бұғат қойған.

6 қаңтар күні Дональд Трамп жақтастарыКонгреске басып кіріп, АҚШ парламентінің қарашадағы президент сайлауының нәтижесін куәландыруға арналған ортақ отырысын тоқтатты. Олар полициямен қақтығысып та қалды. Трамп жақтастары арасынан бір әйелге оқ тиіп, қайтыс болды.

«Конгрестің куәландыруы – АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байденнің инаугурациясы алдындағы ең соңғы формалды рәсім. Бұл рәсім әдетте тыныш өтетін. Бірақ биыл АҚШ президенті сайлаудың әділ өтпегенін айтып, оның нәтижесін мойындамауға шақырды. Конгрестегі 14 республикашыл сенатор мен өкілдер палатасының 100-ден астам республикашыл мүшесі кей штаттардың нәтижесін куәландыруға қарсы шығатынын мәлімдеді» деп жазды Азаттық радиосы.

Дональд Трампты жақтайтын топ Конгреске басып кіргеннен кейін алты сағат өткенде, полиция оларды біртіндеп Капитолийден шығарған. Кейін Конгрестің қос палатасы мүшелерінің президент сайлауының нәтижесін куәландыруға арналған бірлескен жиыны қайта жалғасқан.

Конгресс орналасқан аумақты полиция бақылауына алынған. Ғимараттың айналасына темірқоршау қойылып, жол бойында жүздеген полиция қызметкері тұр. Вашингтон мэрі сәрсенбі күні жергілікті сағат кешкі алтыдан бастап қалада төтенше жағдай енгізілгенін хабарлаған.

Байланысты жаналықтар

Қызылорданың экс-әкіміне қатысты сот үкімі шықты

10.12.2020

Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

18.12.2020

Тоқаев: 3 миллион адамға жәрдемақы беріледі

31.03.2020

Көтерілістен соң президенті ақыры отставкаға кетті

19.08.2020

Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты

12.08.2020

«Nur Otan»-ның Болгариядағы бөлімшесі: Қара теңіздегі қарағандылық шенділер

12.04.2021