Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

Жанар Қожанова

  • 12.01.2021

Бүгін Ақтөбе облысындағы Шалқар айналым депосының 100-ге жуық жұмысшылары наразылық акциясына шықты. «Қысқарту болады» дегенді естінген теміржолшылар «Жүк тасымалы» АҚ-ның кеңсесін басып кірді. Бұл туралы өңірдегі Мalim.kz сайтының тілшісі хабарлады.

Егер қықсарту болса Шалқар қаласы тоқыраған тоқсаншы жылдарға қайтып оралады. Компания қызметкерлерінің тең жартысы жұмыссыз қалуы ықтимал.

«Ембі өзінің локоматив бригадасының санын азайтпау үшін осы «плечоны» өзінің депосына алып бергісі келіп отыр. Егерде алып берген жағдайда Шалқардың айналым депосы бригадасының елу бес пайызы қысқартуға тура келіп тұр. Бәріміздің баламыз бар, отбасымыз бар. Несиеміз бар. Жұмыстан қысқарсақ, күніміздің қалай көреміз?» - дейді Аман БАЛГОЖИН есімді жұмысшы.

Теміржолшылардың сөзінше егер қысқарту басталса, Шалқардағы депо Ембі депосының қарамағына өтетін көрінеді. Ал басшылық дәл осы айтылған жоспарын іске асырса, онда Шалқардағы жұмысшылардың елу пайызы жұмыстарынан айырылады. Солай болатынын да күні кеше ғана басшылық ескертіп кетті дейді жиналғандар. Шалқар депосында қазір  300-ге жуық адам бар екен. Оның 128-і машинист, ал қалғаны көмекшілері мен кеңсе қызметкерлері. Алайда теміржолшылардың Ақтөбедегі басшылары қысқарту болмайды деп отыр. Жұмысшылардың не үшін жиналып, шу шығарып жүргенін өздеріміз де түсінбей отырмыз дейді.

«Өзімде жаңа әлеуметтік желіден көріп отырмын. Анықтаймыз. Ертең сөйлесу жұмыстарын жүргіземіз. Бірақ қысқарту болады деген әңгіме жоқ», - дейді «Жүк тасымалы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша бөлім  директорының орынбасары Айбек ТАЛАСОВ.

Айтпақшы, жұмысшылар Шалқар ауданы әкімі Жанболат ЖИДЕХАНОВҚА дейін барды. Алайда жиналғандарды тыңдаған ешкім болған жоқ.

Фото автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

Әкім салмаған көпірді халық өзі салып алды

05.11.2020

Асабалар: Әкімдік той жасауға рұқсат берсін

28.05.2020

Балуан әкім жылу қашан береді?

16.10.2020

Шахаров, шық! Аналарды алдама!

29.10.2020

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021
MalimBlocks
Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Әкім салмаған көпірді халық өзі салып алды

Асабалар: Әкімдік той жасауға рұқсат берсін

Балуан әкім жылу қашан береді?

Шахаров, шық! Аналарды алдама!

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»