"Айлық аз, басшылық штаты тым үлкен": Air Astana қызметкерлері дау шығарды

Жалақыдан басқа, әуекомпания қызметкерлері бәрімен бірдей белгіленген негізде зейнетке шығатынына көңілдері толмайды

Арман Қайыпхан

  • 21.06.2024

Қазір Air Astana компаниясында тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін өзінің қызметі және еңбек саясатымен танылған Қазақстанның ең ірі әуе компаниясында қызметтік дау шықты. Компания қызметкерлері өз шағымын 12 маусымда өтініш қабылдайтын ресми бірыңғай платформа, EOtinish сайтында жариялады. 

Air Astana бортсеріктері басшылықтың еңбекақы төлеу, әлеуметтік саланы жүргізу және кадрлық шешімдер саясатына риза емес. Қызметкерлердің айтуынша, мәселені реттеудің орнына компания оларға қысым көрсетуді бастаған.

Әуекомпания қызметкерлері оларды жұмыстан шығарып жібере ме деп алаңдайды. Сондықтан олар толық құпиялылықты сақтай отырып әрекет етуде. Қазір Air Astana-да шағым авторларын табу мақсатында тергеу басталған.

«Біз өз проблемаларымызды немесе ұстанымымызды айта алмаймыз, өйткені көліктегі ереуілдерге заңмен тыйым салынған. Қатардағы бортсеріктің еңбекақысы 240 мың-320 мың теңгенің арасында. Қазақстан Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы 382 279 теңге болды дейді. Сонымен қатар Еңбек кодексінің 105-бабының 1-тармағына сәйкес ауыр жұмыстармен, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы қызметкерлерге еңбекақы жоғары мөлшерде төленуі тиіс», - делінген шағымда.

Жалақыдан басқа, әуекомпания қызметкерлері бәрімен бірдей белгіленген негізде зейнетке шығатынына көңілдері толмайды. 2023 жылы Әлеуметтік кодекс қабылданған. Оған сәйкес ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлер 55 жасқа толғанда 84 ай бойы арнайы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар. Алайда бұл тізімге бортсеріктер енбей қалған. 

«Кадр саясатына қатысты қызметкерлер өндіріс саласында жұмыс істемейтін қызметкерлердің штаты тым үлкен деп санайды. Себебі әртүрлі вице-президенттер мен менеджерлер тым көп. Біздің басшылық көбіне шетелдіктер, олардың жалақысы қазақстандықтармен салыстыруға келмейді. Қазір компанияның штаты 5 мың адамнан көп, ал борт саны 25-тен әрең асады. Бұл 1 ұшаққа 200 адамнан келеді деген сөз. Сондықтан оңтайландыру қажет. Air Astana әртүрлі сауалнама нәтижелері бойынша үздік жұмыс беруші екенін мәлімдейді, алайда ұжымда басқа пікір қалыптасқан»,- деп жазады қызметкерлер өз үндеуінде.

Әуе компаниясының барлық қызметкерлері үшін берілетін «арзан билет» деген бонус бар. Алайда іс жүзінде оларды белгілі бір артықшылық деп айту өте қиын. 

Біріншіден, борттардың үнемі толы болуына байланысты олармен ұшуға мүмкіндік жоқ. Екіншіден, кезек бірінші басшылықтан басталады. Қарапайым жұмысшылар кейде 4-5 күн кезекте тұруға, қосымша шығындарды көтеруге мәжбүр болады. 

«Жыл бойы дерлік борттар толы болды. Компанияның 2023 жылғы салықтан кейінгі кірісі 68,7 миллион долларға ежтті, бірақ мұның бәрі компанияға тоқсанына бір рет сыйақы төлеуге мүмкіндік бермейді. Самұрық-Қазына компаниялары пайда әкелсін-әкелмесін тоқсан сайын бір жалақы мөлшерінде сыйақы береді. Ал Эйр Астанада егер компания болжамды пайда бойынша жоспарды орындаса ғана төленеді, оның өзін басшылық белгілейді. Көптеген қызметкерлер жалақыға риза емес, басқа компанияларға (соның ішінде шетелдік компанияларға) кетуге мәжбүр. Компания қызметкерлердін (бортсеріктерді) бағаламайды, әйтпесе мұндай болмас еді. Қазір бортсеріктер тапшы, көбі жұмыстан кетуге дайындалып жатыр. Әсіресе 3 жылдық келісімшартты жасамаған жастар. Егер сіз жалақыға наразылық білдірсеңіз, сізге есікті көрсетеді»,- деп жазады бортсеріктер.

Фото: aviation24.be

Байланысты жаналықтар

Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

12.09.2024

Жұмыс іздеуге арналған платформа іске қосылды

28.08.2024

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

30.07.2024

KPI енгізіледі: Бектенов әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын айтты

29.07.2024

Түнгі клуб жанында мас күйінде ұсталған қостанайлық бас имам қызметінен босатылды

25.07.2024

"Айлығы 1 млн теңге": Еңбек биржасында жұмыс орындары пайда болды

23.07.2024
MalimBlocks
Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

Жұмыс іздеуге арналған платформа іске қосылды

Үміткерлерге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі жазылған

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 139 914 адам тұрады.

KPI енгізіледі: Бектенов әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын айтты

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы отбасыларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Түнгі клуб жанында мас күйінде ұсталған қостанайлық бас имам қызметінен босатылды

Бұған дейін ол Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін он бес тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған еді.

"Айлығы 1 млн теңге": Еңбек биржасында жұмыс орындары пайда болды