Дариға мәжіліске не үшін қайтып оралды?

Елнұр Бақытқызы

  • 13.01.2021

Nur Otan партиясынан мәжіліске баратын 76 депутаттың тізімінде экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева бар. Парламентке оралған Дариға Назарбаевадан басқа тізімде қазіргі шақырылымдағы мәжілістің төрағасы Нұрлан Нығматулин де жүр. Олай болса, келесі шақырылымдағы мәжілістің спикері кім болмақ: Дариға Назарбаева ма, әлде Нұрлан Нығматулин бе? Бұл сұрақты сарапшыларға қойып көрдік.

Мәжіліске бару Дариғаға біраз артықшылық береді

Саясаттанушы, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Нұрлан Нығматулин мәжіліс төрағасы болып қала береді, ал Дариға Назарбаева вице-спикер болып барады деп есептейді. "Оның үстіне бұған дейін Нұрлан Нығматулин спикер, ал Дариға Назарбаева вице-спикер ретінде бірге жұмыс істеп көрді", - дейді А.Чеботарев.

Дариға Назарбаева сенатқа президент тағайындаған сенатор ретінде барса, енді мәжіліске халық сайлаған депутат ретінде бара жатыр. Саясаттанушы Андрей Чеботарев бұл жайт Дариға Назарбаева өкілеті толық аяқталғанша мәжілісте қала беретініне кепілдік береді дейді. "Сенатқа президент тағайындаған депутат ретінде баруы оның легитимділігін сәл төмендететін. Ал қазір Nur Otan тізімімен мәжіліске баруы легитимділік деңгейін арттырады. Атқарушы биліктегі жоғары лауазымды қызметке немесе өз бетінше отставкаға кетіп қалмаса, ол өкілеті аяқталғанша депутат қызметін атқара алады", - дейді А.Чеботарев.

Дариға Назарбаеваның депутат өкілетін Қ.Тоқаев мамыр айының басында тоқтатып, ол сенат спикерлігінен кеткен болатын. А.Чеботарев ол уақытта элита арасындағы конфликт және Айсұлтан Назарбаевқа қатысты оқиға Дариға Назарбаеваны саясаттан уақытша кетуге мәжбүр етті дейді. "Ол өзі төңірегіндегі шу басылсын деп пауза алды. Тіпті Nur Otan тізіміне енсе де, аймақтарды аралап үгіт-насихат жүргізбеді. Енді үлкен саясатқа оралған Д.Назарбаева мәжілістегі бір комитетті басқаруы мүмкін", - дейді А.Чеботарев.

"Дариға спикер болуға ынталы"

Саясаттанушы, Тәуекелдерді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев Дариға Назарбаева мәжіліске бекер оралған жоқ, оның өзі де мәжіліс спикері болуға аса ынталы деп есептейді.

"Дариға Назарбаеваның амбициясы жоғары. Меніңше, ол өзін мәжіліс спикері ретінде көреді, спикер болуға таласы бар. Бірақ спикер кім болатынын кітапхана шешеді", - дейді саясаттанушы.

Досым Сатпаев "Nur Otan-ның" кезектен тыс съезі мен парламент сайлауы елдегі процесті бірінші президент бақылауда ұстап отырғанын көрсетті дейді. Саясаттанушының ойынша, Дариға Назарбаеваның мәжіліске баруы бірінші президенттің отбасы мен оның айналасының ескі гвардия және "Nur Otan-ды" Ақордаға қарсы қояр күш ретінде пайдаланғысы келетінін көрсетеді деп есептейді.

"Алайда мұндай схемалар қысқа мерзімді, бірінші президент саясат сахнасынан кеткенше ғана жұмыс істейді. Келесі шақырымдағы мәжіліс депутаттары отыратын бес жылдың ішінде елде нағыз сасяи транзит басталуы мүмкін. Назарбаев саяси сахнадан кеткенде оның айналасы парламентті Тоқаевтың өсіп жатқан амбициясына қарсы қоюға болатын Назарбаев дәстүрін жалғастырушы тетік ретінде пайдаланғысы келеді. Алайда олардың Назарбаевтың моделін дәл сол күйінде сақтап қала алуы екіталай", - дейді саясаттанушы Д.Сәтпаев.

Саясаттанушы көрші Өзбекстанда билік басына келген Шавхат Мирзиев айналасы бір жарым-екі жылдың ішінде бұрынғы президент отбасы мен оның айналасын тұқыртып,  жүйені өзіне лайықтағанын еске салды.

Бірақ Дариға Назарбаеваның мәжіліске спикер болуы ең алдымен кво-статусын сақтап қалғысы келетін элитаның өзіне қауіп төндіреді. "Ол сенат спикері болғанда Ақорда мен Тоқаев төңірегіндегі элитамен конфликт туындады. Элита ішіндегі конфронтация элитаның өзінің тұрақтылығына әсер етеді. Сондықтан қалай болғанда да Дариға Назарбаева мәжіліс спикері болса, бұл элитаға да, кво-статусын сақтағысы келетіндерге де, билік беделіне де теріс әсер етіп, қоғам мен элита ашуын тудырады", - дейді Д.Сәтпаев.

Дариғаның мәжіліске баруы – Назарбаев айналасының тактикалық жеңісі.  Бірақ бұл бүкіл жүйенің стратегиялық жеңілісі. Өйткені белгілі бір элита тобының амбициясын іске асырамыз деп жүргенде қазіргі саяси жүйенің ең басты проблемасы шешілмей жатыр. Ол – жүйені тиімді ету. Коронавирус індеті өршігенде жүйе өзінің тиімсіздігін көрсетті", - деді саясаттанушы.

"Мәжіліске спикер болу үшін барды"

Экс-дипломат Қазбек Бейсебаев Д.Назарбаева мәжіліс спикері болады деп болжайды. "Мәжіліске барған соң қара депутат болмайтын шығар", - дейді ол

Қазбек Бейсебаев алдағы уақытта елде парламентті рөлі күшейтіледі, сондықтан мәжіліс спикерінің беделі мен салмағы артады деп топшылайды. "Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының съезінде парламентке өтсек, оның рөлін күшейту бастамасын көтереміз деген. Егер парламент рөлі күшейсе, мәжіліс спикері өте маңызды қызметке айналады", - дейді ол.

 

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Қазақстан vs Өзбекстан: Үлкен қыздардың үлкен ойлары

22.12.2022

Дариғаның орнын кім басады?

25.02.2022

Ни себе, ни людям. Кулибаева могут лишить имущества в Германии

18.02.2022

Могиканның соңғы тұяғы. Назарбаевтар билігі бітті ме?

11.02.2022

Айдос Сарым: Считаю, что Дарига Назарбаева должна добровольно подать в отставку

10.02.2022
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Қазақстан vs Өзбекстан: Үлкен қыздардың үлкен ойлары

Өзбекстанның президенті Ш.Мирзиеев Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаевтың қателігін қайталай ма?

Дариғаның орнын кім басады?

Бұрынғы депутат Дариға Назарбаеваның мәжілістегі орнына саясаттанушы Саясат Нұрбек отыратын болды.

Ни себе, ни людям. Кулибаева могут лишить имущества в Германии

Исторический замок-отеля Бюлерхёе закрыт для посещения туристами уже более 10 лет. Его хозяева Тимур и Динара Кулибаевы не вкладывают деньги в модернизацию объекта

Могиканның соңғы тұяғы. Назарбаевтар билігі бітті ме?

Желіде мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның отставкасын талап ететін петиция пайда болды.

Айдос Сарым: Считаю, что Дарига Назарбаева должна добровольно подать в отставку