Трамп Ақ үйден кетті

Malim Админ

  • 20.01.2021

АҚШ президенті Дональд Трамп 46-президент Джо Байденнің инаугурациясы алдында Ақ үйден кетті.

Ол жұбайы Мелания Трамппен бірге тікұшаққа отырып, Мериленд штатындағы әуе базасына бет алды. Ол жақтан Трамптар Флоридаға кетуі тиіс. Bloomberg-тің жазуынша, президенттіктен кеткен Трамп Флоридадағы Мар-а-лаго резиденциясында тұрмақ.

Трамп Байденнің инаугурациясына қатыспайтынын мәлімдеген. Байден оған қуанбаса, ренжіген жоқ. Тіпті бұл шешімді дұрыс деді. "Бұл пікіріміз тоғысқан сирек жағдай. Инаугурацияға келмеу оның өзі үшін жақсы", - деді Байден.

Әдетте АҚШ президенттері Ақ үйден кеткенде келесі президентті құттықтап хат қалдырады. Байден жеңісін мойындамаған Трамп олай жасайтыны-жасамайтыны соңғы сәтке дейін белгісіз болды. Бірақ Ақ үй өкілі Джад Дир Трамп Байденге хат тастағанын мәлімдеді.

Ақ үйде соңғы рет президент ретінде сөйлеген қоштасу рәсімінде Трамп "президент болу үлкен мәртебе" екенін айтты.  Джо Байден мен Камала Харристің атын атамаса да, болашақ әкімшілікке сәттілік тіледі.

"Олар сіздердің салықтарыңызды өсірмейді деп үміттенемін. Бірақ өсірсе, мен олардың сөйтетінін ескерттім", - деді Трамп.

"Бұл ғажап төрт жыл болды. Мен қош болыңдар деймін, бірақ ұзақ уақытқа қоштаспаймын деп үміттенемін. Біз көп жетістікке жеттік. Біз қандай да бір формада ораламыз ғой", - деді Трамп.

 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың 45-ші президенті, миллиардер Дональд Трамп қамауға алынды

14.06.2023

Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті

21.01.2021

Трампты Ақ үйден қуып шықпақ

12.01.2021

АҚШ конгресі Джо Байденді президент деп таныды

07.01.2021

Трамп президенттігі бүлікпен аяқталды

07.01.2021

2020 жылы қазақтар Айсұлтанды көп іздепті

30.12.2020
MalimBlocks
АҚШ-тың 45-ші президенті, миллиардер Дональд Трамп қамауға алынды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Майамидегі федералды сот отырысының басында қамауға алынды, оған 37 қылмыстық айып тағылған. Бірақ Трамп ешбір айыпты мойындап отырған жоқ.

Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті

Трампты Ақ үйден қуып шықпақ

АҚШ конгресі Джо Байденді президент деп таныды

Трамп президенттігі бүлікпен аяқталды

2020 жылы қазақтар Айсұлтанды көп іздепті