Навальныйдың жақтастары полицейлерді қармен атқылап тастады (видео)
Мәскеуде Навальныйды босатуды талап етіп шеруге шыққан жұрт полицейлерді қармен атқылап тастады. Оқиға Цветной бульварда болды. Сондай-ақ наразылар ФСБ-ге тиесілі AMP сериялы нөмірі бар көлікті де қармен атқылап, мәшинені тепкілеп, терезесін шақты. Көлік жүргізушісінің көзіне зақым келді деген ақпарат тарап жатыр.
[playlist type="video" ids="11815"]
Reuters мәліметінше, Мәскеуде бүгін Навальныйды жақтап 40 мың адам шеруге шықты. Сондай-ақ Ресейдің өзге аймақтарында да он мыңдаған адам наразылық акцияларына қатысты. Полицейлер шеруге шығушыларды ұстап жатры. Ұсталғандардың арасында Навальныйдың серіктері. ФБК өкілдері мен жұбайы Юлия Навальная да бар. Кейінірек Юлия Навальнаяны полицейлер босатты. Полиция Мәскеудегі наразыларды тарату үшін көзден газ ағызатын жас қолданды. Сондай-ақ наразыларға күш көрсетіп, ұстап жатыр.
Видео: Наразылар Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі шенеунігінің көлігін қармен атқылап, тепкіледі.
[video width="640" height="368" mp4="https://malim.kz/wp-content/uploads/2021/01/352a13eb98dfef019bccbb90a077295b.mp4"][/video]