Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Алматыда қоғам белсенділері ұсталып жатыр

malim Авторы: malim
01.03.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыда қоғам белсенділерін полиция арнайы шақырту жіберіп, үйлерінен алып кетіп жатыр. Қазақстан демократиялық партиясын құрамын деген қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың ұялы телефонына Әкімшілік Кодекстің 488-бабы бойынша жауапқа тартылатыны туралы хабар келген. Оны Жанболат Мамай өз фейсбук парақшасына жариялады. Кейін Жанболат Мамайды үйіне полиция келген. Қоғам белсендісінің жары Инга Иманбай ол кезді видеоға түсіргенде полиция қызметкерлері телефонын тартып алмақ болған. Инга Иманбайдың айтуынша, сол кезде басын қақпаға ұрған. Қазір есік алдына жедел-жәрдем шақырып, күтіп тұр.

Белгілі саясаткер Жасарал Қуанышалин де өзін полиция басқармасына шақыртып жатқанын айтты. Бірақ оған қандай айып тағылғанын көрсетпепті. Өзі де айтқан жоқ.

Ал «Oyan, Kazakstan» қозғалысының белсендісі Бауыржан Сәбитовті көшеден полиция ұстап алып кетті. Ол видео қозғалыстың парақшасында жарияланды.

Сонымен қатар бұл қозғалыстың басқа да белсенділерін жедел ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсем Жапишеваны ұстап, Масанчи 57а адресіндегі полиция департаментіне алып кетсе, Жанель Шаханова мен Олжас Шахановты Алмалы ауданының полиция департаментіне алып кеткен.

Ал Әлнұр Ілияшев Республика алаңының жабық тұрғанын, интернет өшірілгенін, полиция Желтоқсан даңғылының бойында Абай көшесінен бастап тұрғанын жазды.

Алматы қаласының әкімшілігі алдында өтеді делінген митингіден  бір күн бұрын қалалық әкімшілік қоршалды. Тәуелсіздік алаңы да қоршалып, полиция қаптап тұр.

Еліміздегі әртүрлі қозғалыстар – сотпен тыйым салынған Қазақстанның Демократиялы таңдауы,  Жанболат Мамай жетекшілік ететін Демпартия,  Oyan,  Qazaqstan және басқа да белсенділер бүгін алаңда белсенді Дулат Ағаділдің қазасын әділ тергеуді талап етіп митинг өткізбек болған.

Фото. Азаттық радиосы

Tags: Әлнұр ІлияшевБауыржан СәбитовЖанболат МамайЖанель ШахановаОлжас Шаханов

Ұқсас жазбалар

Фото: expertonline.kz

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

Авторы: malim
25.01.2021
0

Алматы қаласы Әуезов ауданының кіріс басқармасы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның қызметін үш айға тоқтату және 200...

Митинг түгілі “Қалаулымға” да шығармайды

Авторы: Қанат Тілеухан
25.01.2021
0

Қоғамдық белсенді Кербез ЕГІНБАЕВА «Қосылайық» (бұрынғы Қалаулым ) бағдарламасына Нұрсұлтан есіміді жігітпен танысуға барған. Кербез Қазақстан телеарналарында қаншалықты цензура барын...

Сурет: tabnak.ir

Иран баспасөзі: Кетіп қуантқан президент

Авторы: Қуанышбек ҚАРИ
25.01.2021
0

Тегеран Байденнің билікке келгеніне емес, Трамптың басшылықтан кеткеніне назар аударды. Жергілікті баспасөздің бірі Трампты экс-президент Ахмадинежадқа теңеді. 20 қаңтарда Америка...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Көрнекі сурет

Ақтөбелік мұғалімді әріптесі пышақтап кетті

23.10.2020

Salem Social Media Машкевичтерге не үшін қажет?

12.10.2020

«Әкімдіктің кесірінен екі күн қамауда отырдық»

06.05.2020

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Бас қалада жаңа митингі басталды: Ақорда көре ме?

24.04.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!