Даниал Ахметов, шық!

  • 29.04.2021
  • Malim Админ

Даниал Ахметов министрдің тапсырмасын орындамады

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің алдына бірнеше адам келіп облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТЫҢ есік алдына шығуын талап етті. Бірақ табалдырыққа жайғасқан талап иелеріне шыққан өңір басшысы жоқ. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

Жиналғандардың арасында 2018 жылы нақақтан-нақақ қылмыстық жауапкершілікке тартылған Айгүл Баянбаева да бар. Бармаған жерім, баспаған тауым қалмады деген жәбірленуші облыстық білім басқармасының және Риддер қалалық білім бөлімі басшыларын жұмыстан кетсін деп талап етті.

«Мен минстр Амағамбетовтің қабылдауында болдым. Осы жылдың жиырма алтыншы қаңтарында облыс әкімі Даниал Ахметовке, білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділоваға тапсырма берді. Риддер қаласы білім бөлімінің басшысын жұмыстан босату туралы. Айтылған тапсырма әлі орындалмады», - дейді Риддер қалалық Білім бөлімінің бұрынғы бас есепшісі Айгүл БАЯНБАЕВА.

Айгүл Баянбаева Риддер қалалық білім бөлімінде бас есепші болып жұмыс істеп жүргенде 2018 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жәбірленуші тарап, яғни Риддер қалалық білім бөлімі екі жүз елу мың теңге пара алды деп сотқа шағымданған. Сонымен қатар, жетпіс бес миллион теңге көлемінде мемлекет қаржысын жымқырды деп айыптаған. Бірақ күдікті заңсыз айыпталғанын дәлелдеп, биыл наурыздың он үшінде толық ақталып шыққан. Енді жұмысына орналаса алмай жүрмін дейді. Еңбек кітапшасын да таба алмай жүр екен. Заңсыз тартып алған үйімді қайтарсын. Қылмыстық қудалау басталған уақыттан бергі жалақымды өтеп берсін деген талабын қойып отыр. Ал Айгүлдің бүгінгі қолындағы қағазда аты-жөні жазылған облыстық білім басқармасының басшысы ол өзі жұмысқа келуге өтініш білдірмеді дейді.

«2018 жылғы заңсыз шығарылған бұйырықтың бәрінің күші жойылып, қайтадан жұмысқа қабылдану жөнінде бұйырық шығарылды. Алайда осы арызданушының тарапынан бүгінгі күні жұмысқа келу туралы ешқандай өтініш білдірілген жоқ», - дейді ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл ЖҰМАДІЛОВА.

Жанболат САНИЯЗ

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Үшінші мегаполисте жастарды жұмыспен қамту жалғасуда

12.03.2021

Қапшағайда қос қуаныш

01.12.2020

Президент қолдауы: азық-түлік жиынтығы – жақсы көмек

21.04.2020

Бекшин "Алматы штамы" туралы түсінік берді

30.03.2021

Арыс оқиғасы: 1473 жәбірленуші мен 16 сотталушы

12.06.2020

Есірткі есіңді алады

30.03.2020