Майлыбаевты емес, Арон мен Максты босату керек еді

Олжас Қасым

  • 10.06.2020

Бағлан МАЙЛЫБАЕВТАН кейін басқа да шенеуніктер уақытынан бұрын босап шықса таңқалуға болмайды. Бұндай пікірді саясаттанушы Андрей ЧЕБОТАРЕВ білдірді.

«Бағлан Майлыбаевтың уақытынан бұрын бостандыққа шығуы 2017 жылғы ресми айыптың шындыққа жанаспайтынын білдіруі мүмкін. Бәлкім оған деген қатаң жаза басқа шенеуніктерге «сигнал» болды. Саяси элита арасындағы ойында Майлыбаевты құрбандыққа шалу Н. Назарбаевтың Қ. Тоқаевқа билік беру кезінде өз септігін тигізді. Ақорда Майлыбаевтың бостандыққа шығуы билік ауысуындағы «жылымық» дегенді тағы бір рет көрсеткісі келгендей. Саяси өмірдегі жылмықты биліктің оппонеттері Макс БОҚАЕВ, Арон АТАБЕК т.б. босату арқылы көрсетуге болар еді. Сондықтан да президент әкімшілігі жетекшісінің бұрынғы орынбасарынан кейін басқа шенділер босап шықса таңқалуға болмайды», - деп жазды саясаттанушы фейсбук әлеуметтік желісінде.

2017 жылы 30 маусым күні Нұр-Сұлтан қалалық соты Бағлан АСАУБАЙҰЛЫН мемлекеттік құпияны тарату айыбы бойынша қылмыстық кодекстің 361-бабының 3-тармағы және 185-бабының 3-тармағы бойынша бес жылға соттаған. Дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан өмір бойы айырған еді.

Саясаттанушының пікірінше «жылымықтар» жалғасуы ықтимал.  Қызық, келесі кезек кімдікі екен? Мүмкін Талғат ЕРМЕГИЯЕВ бостандыққа шығып қалар.

Коллаж: Мәлім кз

Байланысты жаналықтар

Митинг өтті дүркіреп

31.10.2020

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

13.12.2021

Тасмағамбетов лауазымды қызметке ұсынылды

15.03.2021

Дариға мәжіліске не үшін қайтып оралды?

13.01.2021

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

28.09.2020

Қордай дауы: Қазақтілділер кінәні басқа жақтан іздейді

10.02.2020
MalimBlocks
Митинг өтті дүркіреп

Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай қойды

Желтоқсан фотосындағы тұмақ киіп тұрған жігіт бұрын-соңды сұхбат бермепті.  Malim.kz сайтына себебін айтты.

Тасмағамбетов лауазымды қызметке ұсынылды

Дариға мәжіліске не үшін қайтып оралды?

Макс Боқаев ақпанда бостандыққа шығады

Қордай дауы: Қазақтілділер кінәні басқа жақтан іздейді