Әкім орынбасарының жұмбақ өліміне орнына таласқандар кінәлі ме?

Абай Нұржанұлы

  • 23.06.2020

Өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болған Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Адай САЛЫБЕКОВТЫҢ туыстары марқұмның суицидке барғанына сенбейді. Айтуларынша қайтыс болған шендінің орнына таласқан аудандағы кейбір жандар оған жалған жала жауып, бірнеше жылдан бері қыр соңынан қалмай келіпті. Қарша бораған домалақ арыздардың, одан қалды қорқытып-үркітудің кесірінен әкеміз соңғы кездерде қатты күйзеліске түсті дейді балалары.

Ақыр соңы білдей аудан әкімінің орынбасары, жеті баланың әкесі Адай Салыбеков ауруханада дарға асылып қайтыс болған екен.

«Ертең үлкейгенде сендер мақтанатындай әке боламын деп айтатын. Шынымен сондай әке болды», - дейді марқұмның тұңғыш қызы.

Сондай-ақ, марқұмның жақындары Салыбеков жайлы әлеуметтік желіде жалалар жабылғандығын айтады.

«Жолдасымды осындай дәрежеге апарғандар жаңағы аталған Қарасай Әшірбеков, Тұрдалы Қалдыбаевтар, осылай артынан қалмай осындай дәрежеге жеткізді», - дейді Адай Салыбековтың жұбайы Самал ЖАМАЛХАНОВА.  

Туыстарының айтуынша, Адай Салыбеков өзіне қатысты шағымдардан шаршап, облыстық көпбейінді ауруханаға қаралуға барған. Онда жатқызылғаннан кейін екі күннен соң отбасына марқұм ауруханада өз-өзіне қол жұмсады деген қаралы хабар жеткен.

Ал Салыбековтің жарының сұхбатында аты аталған Тұрдалы Қалдыбаев аудандық мәслихат депутаты екен. Ол "марқұммен еш қатысым болған емес, істің ақ-қарасын органдар анықтайды", деп жауап берді.

Желіге жазба таратты деген Қарасай Әшірбеков мақсатым бұрынғы әкімнің заңсыздықтарын әшкерелеу еді дейді.

«Өзімнің фейсбук жеке парақшамда Ғалым ӘМРЕЕВТІҢ ауданда әкім болып отырғанда заңсыздық әрекеттерге жол беріп, сол іске оның орынбасары Адай Салыбековтың қатыстылығы бар жөнінде бейнежолдау арқылы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің басшысына, облыс әкімінің назарына жолдаған болатынмын», - дейді Жаңақорған ауданының тұрғыны Қарасай ӘШІРБЕКОВ.  

Әкімдіктегілер әріптестерінің қызметінде ешқандай қиындық болмады деп отыр. бұл өлімнің артында қолдары қанға боялған үлкен бір топтың болуы әбден мүмкін дейді марқұмның отбасындағылар. Қазіргі кезде құзырлы органдар осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Фотоны автор ұсынды

 

Байланысты жаналықтар

Әкім ханым дән еккенімен, диқандар су таппай жатыр

28.05.2020

Әкім Әбдіқалықова алданып жүр

27.10.2020

Қызылордадағы митингіде он шақты адам ұсталды

08.06.2020

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

13.01.2021

Диплом дауы

29.12.2020

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021
MalimBlocks
Әкім ханым дән еккенімен, диқандар су таппай жатыр

Әкім Әбдіқалықова алданып жүр

Қызылордадағы митингіде он шақты адам ұсталды

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

Диплом дауы

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді