Диплом дауы

Абай Нұржанұлы

  • 29.12.2020

Қызылорда облысында университет бітірген 76 студент бір жылдан бері дипломдарын ала алмай жүр. Жоғары оқу орынының сырттай бөлімінде 3 жыл бойы ақылы білім алған түлектердің дипломдарын сот жарамсыз деп үкім шығарған. Үкім шықпас бұрын студенттер оқыған Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университеті жабылып қалған. Жастар ақыр соңы дипломды да ала алмай, не төлеген ақымызды да қайтара алмай жүрміз деп ашынады.

2019 жылы Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетін бітірсе де, әлі күнге дипломдарын ала алмай жүрген Қызылорда облысының бір топ тұрғыны бүгін сот ғимаратының алдына жиналды. Айтуларынша сырттай бөлімде оқып бітірген 166 түлекке былтыр дипломды сол кездегі оқу орынының деканы үйлеріне дейін әкеліп беру керек болған. Бірақ ол үшін біз сенім хат жазып бермеген едік дейді түлектер. Сондықтан дипломдарды әкеле жатқан университет қызметкерін Қызылорданың тұсында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған екен.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері университеттің үстінен арыз жазғызды бізге. Сендердің дипломдарың жарамсыз, ең құрығанда ақшаларыңды қайтарып алыңдар деген еді. Бірақ ақша да алмадық, димломда жоқ», - деді Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетінің бұрынғы студенті Гүлзат  ЕРМЕКБАЕВА.

Осы айдың 25-де қалалық соттың үкімімен қызылордалық 76 түлектің дипломы жарамсыз болыпты.

«Біз ректордан 90 дипломды сұрағанымызда, оларды егесіне бердік деді. Өз қалаларыңыздан сұраңыздар дипломдарыңызды деді. 76 диплом жарамсыз болып қалды. Ал 166 диплом ұсталса неге бәрі жарамсыз емес? Әділдік қайда?», -  дейді Шымкент аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетінің бұрынғы студенті Мая ШӨКЕНОВА.

Үкім шығарған судья сотта оқу орынының деканы серіктестерімен оқу процестеріне қатыспаған және емтихан тапсырмаған студенттерге жалған құжаттар дайындағаны дәлелденді дейді. Сондықтан түлектердің біреуінің де дипломының жарамайтынын айтады. Ал бұған қатысты университеттің деканы алаяқтығы үшін 2 жыл бас бостандығынан шектелген.

«Қызылорда облысының 76 тұрғынына ШАӘИ университетін оқып бітіргенін растайтын диплом бермекші болған. Бұл 76 адам не емтихан тапсырмаған. Не сабаққа қатыспаған. Бірақ осыған қарамастан бакалавр және магистр дәрежесін алып береміз деп жалған құжаттар дайындаған экс-декан Әлібаеваның қылмысы анықталды. Қасындағы үш серігінің де заңсыздықтары сотта әшкереленді», - деді судья Нұржан БЕКЕТАЕВ.

Судья сонымен қоса қалған 90 дипломға қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласында тергеліп жатқанын айтады. Ал 3 жыл уақытымызды сарп еттік дегендер ең болмағанда төлеген оқу ақыларын қайтару үшін апеллияциялық сотқа  шағымданбақшы. Сотта түлектердің университетке ақша аударғаны расталған.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

26.01.2021

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

13.01.2021

«Қызылордада ауырмаған дәрігерлер өтемақы алып кетті»

10.12.2020
MalimBlocks
Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

«Қызылордада ауырмаған дәрігерлер өтемақы алып кетті»