Белсенді дәрігер: Біртановты жалған намыс құртты

Malim Админ

  • 25.06.2020

Денсаулық сақтау министрі шын мәнінде не себепті отставкаға кетті? Осы сұрақты медицина ғылымдарының кандидаты, балалар невропатологы Қайырғали КӨНЕЕВКЕ қойып көрдік.

– Біртанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қызметінен өз еркімен кеткенін айтыпты. Жазбасына қарағанда, ауруы асқынып кеткендіктен, емделуі керек. Елде эпидемиологиялық жағдай өршіп тұрғандықтан, салаға толыққанды жетекшілік ететін адам керек деп қайырыпты. Біртанов шын мәнінде не себепті қызметінен кетті?

[caption id="attachment_3066" align="alignleft" width="300"] Қайырғали Конеев[/caption]

– Әлбетте, Біртанов өз қатесін мойындамайды, бәрін дұрыс жасадым дейді. Денсаулық сақтау министрлігінде Біртанов әкелген вице-министрлер: Ляззат Ақтаева, Людмила Бюрабекова, Олжас Әбішев отырғанда, министрлік саясаты өзгермейді. Сондықтан ең алдымен Біртановтың командасын министрліктен кетіру керек.

Меніңше, Біртановқа қызметтен кет деген. Алексей Цойды осы аптада бірінші вице-министр етіп тағайындағаны тегін емес. Біртанов вирус жұқтырып, 14 маусым күні ауруханаға жатты. Ал 15 маусым күні ол бұйрық шығарып, үш вице-министрді де денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындады. Министрлікті тап бір ертегідегідей үш басты айдаһар ұқсатып, тізгінді үш адамға ұстатты. Еш уақытта үш вице-министрді  қатарынан министр міндетін атқаруға қоймаған.  Министр міндетін кім уақытша атқаратынын неге үкімет шешпеген? Министр міндетін уақытша атқаруды неге жауапты хатшыға жүктемеген? Сосын, Біртанов неге ауруханада жатып алып, сондай бұйрық шығарады? Бұл – заңбұзушылық қой. Осы уәжді айтып, президент әкімшілігіне хат жаздым. Олар Алексей Цойды бірінші вице-министр етіп жіберді, енді ол денсаулық сақтау министрі болды. Оның ісін енді алдағы уақытта көре жатармыз. бәрін дұрыс істесе, халық қолдайды. Ал қулыққа басып, Біртановтың саясатын жалғастырса, халық қолдамайды.

– Соңғы аптада елде коронавирус індеті өршіді. Ауруханаларда орын жоқ, жұрт коронавирусқа тексеріле алмай жүр. Оны былай қойғанда, Алматы, бас қала мен Алматы облысында емханалар жұмысын уақытша тоқтатты, жоспарлы операциялар кейінге шегерілді. Біртанов министрлік ахуалды бақылаудан шығарып алғандықтан кетпеді ме?

– Министрлік коронавирус инфекциясына қатысты ахуалды толық бақылаудан шығарып алды. Бұған тікелей министр жауапты. Вирус бақылаудан шығып, тарап кетті.

Неге десеңіз, министрлік коронавируспен күреске жете мән бермеді. Оған қарсы эпидемиялық шараларға көңіл бөлінбеді. Санитарлық дәрігерлер, эпидемиологтарды жұмысқа тартпады. Ол дәрігерлер сыртта емес, ел ішінде жүр. неге соларды шақырмады? Бұл министрдің жалған намысы, ал бұдан халық зардап шекті.

 

Байланысты жаналықтар

Біртанов ісі. Экс-министр үйқамақта тағы екі ай отырады

24.09.2021

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

08.07.2021

Біртановтан Назарбаевқа дейін: Шенеуніктерді ауыртқан кім?

18.06.2020

Министр Біртановты сынаған дәрігер митинг өткізбек

16.05.2020

Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

04.09.2020

Цой карантин қашан күшейтілетінін айтты

10.09.2020
MalimBlocks
Біртанов ісі. Экс-министр үйқамақта тағы екі ай отырады

Апелляциялық сот Елжан Біртановтың үй қамағынан босату туралы өтінішін тағы да қанағаттандырмады.

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

Біртановтан Назарбаевқа дейін: Шенеуніктерді ауыртқан кім?

Министр Біртановты сынаған дәрігер митинг өткізбек

Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

Цой карантин қашан күшейтілетінін айтты