Тимур Құлыбаевтың Ұлыбританиядағы үйінде кім тұрады?

  • 03.09.2020
  • Malim Админ

Британдық Daily mail басылымының жазуынша, Тимур Құлыбаев Эндрю ханзададан 15 миллион фунт стерлингке сатып алған Саннингхилл парк (Sunninghill Park) сарайына үш жылдан бері жүргізілген құрылыс жұмыстары бітуге таяу. Басылым сүріліп, қайта салынған зәулім үйдің суреттерін жариялады. "Бірақ онда Құлыбаев мырзаның тұру-тұрмауы белгісіз" деп жазады Daily mail.

Басылым Эндрю ханзада Қазақстанның бұрынғы президенті Н.Назарбаевпен дос болып,  оның күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың бизнестегі келісімдеріне арағайындық жасап жүргені үшін сынға қалғанын оқырман есіне салады.

"Даллас" сериалындағы Дж.Р.Юингтің тұрпайы үйіне ұқсастығы үшін Оңтүстік Йорк аталып кеткен сарай сатылған соң, сегіз жыл бойы бос тұрған, кейін қирандыға айналып, сүрілген. The Mail on Sunday жариялаған суреттерден үлкен зәулім сарайдың құрылысы аяқталуға жақын екені көрінеді. Үш жыл жүргізілген құрылыс жұмыстарынан кейін үйде алты жатын бөлме, бу бөлмесі, тренажер бөлмесі, процедуралық кабинет пен ойын бөлмесі пайда болды. Жоғарғы қабатта екі балалар бөлмесі, олардың күтушілерінің бөлмесі мен киіну бөлмелері орналасқан. Баспалдақтың ар жағында балконы бар екі үлкен жатын бөлме, зал мен киім қоятын бөлме бар. Үйдің сыртындағы 200 фут терассада жұпар иісі хош аңқыған раушангүл бағы мен "шығармашылық алаңы" бар. Аулада балалар бағы, үйшік пен теннис кортына ұзындығы 200 фут құбыр жүргізілген. Газон төселіп, ағаштар отырғызылды, енді үлкен жаңа жол мен кіреберістегі фонтанды тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр".

Daily mail бұған дейін үйдің иесі мұнай-газ магнаты Тимур Құлыбаев делінді, бірақ соңғы құжаттар үй Люксембургтегі офшор компанияға тіркелгенін көрсетіп отыр дейді. Сондықтан "Құлыбаев бұл үйге алдағы уақытта көше ме, жоқ па, белгісіз".

Бұл үйді Эндрю ханзадаға 1986 жылы ханшайымның өзі тарту еткен. Сондықтан Эндрюдің бұл үйді олигархқа сатып жіберуі британ қоғамында абың-күбің әңгіме тудырған. Эндрю әйелімен ажырасқан соң 2002 жылы бұл үйді 12 миллион фунт стерлингке саудаға шығарған. Бірақ үй 2007 жылға дейін сатылмай тұрған. Кейін мүлікті Британ Вергин аралдарында тіркелген Тмур Құлыбаевтың офшор компаниясы сатып алынды делінді. Бірақ үй сатылып кеткен соң да көп уақыт бойы бос тұрып, ақыры 2016 жылы сүрілді.

Басылым Эндрю ханзада Н.Назарбаевпен бұрыннан таныс, тіпті қаз атуға бірге барғанын жазады. Британдық инвесторлар мен Қазақстандағы компаниялардың кездесулеріне ара ағайындық жасаған ханзада Тимур Құлыбаевпен де достасқан. Басылым бизнесвумен Гаухар Ашкеназидің Тимур Құлыбаевтан екі баласы бар екенін айта кеткен. Эндрю ханзада Гога Ашкеназимен де жақсы таныс, тіпті оны ханшайымға таныстырған. Эндрю ханзаданың Гога Ашкеназимен бірге түскен суреттері де біраз әңгімеге арқау болған.

" Саннингхиллды сатып алу келісімінде ханзада мен Құлыбаевқа Гога Ашкенази ара ағайындық жасады деген әңгіме желдей ескен. Алайда ара ағайын болған – Кеңес Рақышев. Ол уақытта Рақышев Қазақстанда құны 2,5 миллиард фунт стерлинг мұнай-газ зауытының құрылысына қатысып жатты", - дейді басылым.

[caption id="attachment_6984" align="alignleft" width="743"] Эндрю Ханзада және Гога Ашкенази[/caption]

Daily mail Т.Құлыбаев не себепті 12 миллион фунт тұратын үйді 15 миллионға сатып алды және өзінің мүлікке иелік ететінін жасырды деген сұрақтарды алға тартады.

Саннингхилл парк сарайы сатылып кеткен соң, британдық басылымдар шу көтеріп, зерттеу жасаған. Telegraph басылымы сондай зерттеу мақалада 2007 жылдың 31 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында Қазақстанның мұнай магнаттары, Эндрю ханзаданың досы Гога Ашкенази, Тимур Құлыбаевтың үндіс әріптесі Арвинд Тику, бас-аяғы 18 адам Таиландтың Пхукет  аралында демалып, сатып алу келісімшартын талқылағанын жазған. Қазақстаннан келген меймандардың шығынын Арвинд Тику көтеріп, 140 мың доллар төлеген. Кейін Гога Ашкенази журналистерге берген жауабында бұл сарай төңірегінде не себепті сонша шу көтерілгені өзіне түсініксіз екенін жеткізген. "Бұл жерде ешқандай жемқорлық болған жоқ. Меніңше, Тимурдың атынан келіссөз жүргізген адамдар артық төлегенін білмей қалған. Оларға ханшайымның отбасымен саудаласпаңдар деген кеңес берілсе керек", - деді Г.Ашкенази.

Сүріліп, қайта салынған зәулім сарайда кім тұратыны әзірге белгісіз.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Пашинян: "Армян халқы соғысқа дайын..."

27.09.2020

"Салық органдарының артында ҰҚК тұр"

30.11.2020

Қажыгелдин биографиясында жетістік жоқ Келімбетов және басқалар туралы

22.09.2020

Бандағыш шенеуніктер

15.10.2020

Трамп құдасына рақымшылық жасады

24.12.2020

Қызылорданың экс-әкіміне қатысты сот үкімі шықты

10.12.2020