Тимур мен Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank»-ті сатып алды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті.

Берік Дәулетов

  • 10.06.2024

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, Тимур мен Динара Құлыбаевтар «Алтын банкті» сатып алды, деп хабарлайды Malim.kz

Агенттіктің басқармасы 7 маусымда бірқатар қаулы қабылдаған. 

Оның бірі Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуге келісім беру жөнінде, ал екіншісі Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның «Altyn Bank» акционерлік қоғамының (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) ірі қатысушысы мәртебесін (жанама) иеленуіне келісім береді. 

Үшінші қаулыда «АЛМЭКС» холдингтік тобы» акционерлік қоғамына «Altyn Bank» (China Citic Bank Corporation Limited ЕБ) акционерлік қоғамының банк холдингі (жанама) мәртебесін иеленуіне келісім берілетіні көрсетілген. 

Осылайша, Тимур және Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank» акционерлік қоғамына иелік ететін болды. 

Фото: Talk Finance

Байланысты жаналықтар

Көк базар кімдікі?

08.11.2024

Елімізде құны 280 миллион теңгеге жуық дәрі-дәрмектің мерзімі өтіп кеткен

15.07.2024

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

04.06.2024

Алматы облысында Балаларды қолдау орталығы нанды 354 теңгеден сатып алып отырған

21.05.2024

133 млн теңге шығын: Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болғандар сотталды

15.04.2024

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

11.05.2023
MalimBlocks
Көк базар кімдікі?

Қазір тарихи сауда нысаны коммерциялық жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі инвестициялық холдинг «Mercury properties» ЖШС-ның иелігінде

Елімізде құны 280 миллион теңгеге жуық дәрі-дәрмектің мерзімі өтіп кеткен

Бұл заң бұзушылықты Жоғары аудиторлық палата анықтады.

Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

Бұл компания шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қойған.

Алматы облысында Балаларды қолдау орталығы нанды 354 теңгеден сатып алып отырған

Жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып отырған.

133 млн теңге шығын: Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болғандар сотталды

Кәсіпкерлік қызмет арқылы 25 млн теңгеден астам заңсыз пайда көрген жеткізуші де жазасыз қалған жоқ.

Назарбаевтың туыстары тағы да байып кетті

Forbes әдеттегідей Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімдерін ұсынды.