Кім өтірікші: Цой ма, Қожахметов пе?

Malim Админ

  • 04.09.2020

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгісі бар, бірақ ПТР тест нәтижесі теріс пневмонияның аймақтардағы көрсеткішін жариялаймыз дегелі бір айдың жүзі болды. Алайда бұл мәлімет coronovirus2020.kz сайтында сол бойы жарияланбады.

Бүгін өткен онлайн брифинг кезінде денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов "коронавирусты пневмонияның аймақтардағы бөлінісі бойынша ақпарат бар, ол ашық түрде жарияланған" деді. Тіпті өзіне сұрақ қойған тілшіге "брифинг аяқталған соң хабарласып, қай жерде екенін көрсетіп жіберетінін" айтты.

Бірақ Бағдат Қожахметов бар деген аймақ бойынша коронавирусты пневмонияға шалдыққандар санын министрліктің сайтынан да, министрліктің coronovirus2020.kz сайтынан да таппадық.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аймақ бойынша пневмонияға шалдыққандар санын жариялаймыз деген уәдені 3 тамыз күні өткен брифингіде берген. "Біз аймақтар бойынша мәліметті сайтымызда жариялаймыз. Қазір қолымда ол статистика бар, бірақ бұл жерде цифр көп болғандықтан, оны жариялаймыз", - деді министр 3 тамыз күнгі брифингіде.

Қазақстан 1 тамыздан бастап коронавирус белгісі бар, бірақ ПТР тест нәтижесі теріс пневмония есебін жүргізе бастады. Дегенмен коронавирус бойынша мәлімет беретін министрліктің coronovirus2020.kz сайтында әлі күнге дейін коронавирусты пневмонияның жалпы статистикасы ғана берілген. 3 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, елде 1  тамыздан бері елде коронавирус пневмониясына шалдыққандар 26 803 адамға жеткен, 305 адам қайтыс болған, 5 831 адам жазылған.

Министр аймақ бойынша пневмонияға шалдыққандар саны туралы мәліметті беруге уәде етсе де, сөзінде тұрмады. Ал бұл деректің сайтта жарияланғанын айтып сендірмек болған ресми өкіл Бағдат Қожахметов бұл ақпаратты "сайттың қай жеріне тығып отырғаны" белгісіз.

Байланысты жаналықтар

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

23.06.2020

10 жасқа дейінгі балалар бір-біріне коронавирус жұқтыра қоймайды

25.06.2020

Қатаң карантинді екінші рет енгізген жалғыз елміз

05.07.2020

Уханда оқып жатқан қазақ студенттері елге жеткізілді

02.02.2020

"Денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жоқ"

27.06.2020

Цой "Спутник V" үшін Боранбаевқа қанша ақша бөлінетінін айтты

10.02.2021
MalimBlocks
Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

10 жасқа дейінгі балалар бір-біріне коронавирус жұқтыра қоймайды

Қатаң карантинді екінші рет енгізген жалғыз елміз

Уханда оқып жатқан қазақ студенттері елге жеткізілді

"Денсаулық сақтау жүйесінің шамасы жоқ"

Цой "Спутник V" үшін Боранбаевқа қанша ақша бөлінетінін айтты