4 млрд бөлінсе де ақтөбелік оқушылар компьютерсіз отыр

  • 05.10.2020
  • Жанар Қожанова

Ақтөбенің әкімдігі мектеп оқушыларына уәде етілген техникаларды әлі күнге жеткізе алмай отырған компанияларды сотқа бермекші.  Құны төрт миллиард теңге тұратын 22 000 мың дана компьютер мен ноутбук  оқушыларға қыркүйектің 10-на дейін таратылып болуы керек болатын. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат ШАХАРОВ бастаған шенеуніктер 2020 жылдың тамыз айында 4 млрд теңгеге тендер жариялайды. Оны үш компания ұтып алады. Білім бөлімінің басшысы Ләззат ОРАЗБАЕВА ол тихникаларды тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға бермекші еді. Бірақ 22 мың компьютердің 19 мыңы әлі оқушылардың қолына тимеген.

Білім басқармасындағылар тендер ұтқан компаниялар «зауыт техника шығарып үлгермей жатыр» деп сылтауратып отырғанын айтады. Сондықтан шарт бойынша уәдесінде тұрмағандар сот алдында жауап береді дейді шенеуніктер.

«Сол тауарлардың уақытында жеткізбегені үшін келісім шартта қаралған штрафтық санкциялары бар. Сол штрафтық санкцияларды міндетті түрде қолданылады. Қазіргі тағда аудандық және қалалық білім бөліміндері сотқа арыз даярлап жатыр», - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Марал МЫРЖЫҚБАЕВА.

Фото ғаламтордан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев: Қордай қақтығысы - қылмыстық топтар текетіресі

01.03.2020

Көрермен көзімен: Акира Куросава әуені

30.04.2021

MalimCinema. «Біздің аналар мен әкелер»: жеңімпазы жоқ соғыс

08.05.2021

Оқуға әділетсіз түскен бала талапты баланың жолын кеседі – қоғам белсенділері

24.06.2020

Желіде шу тудырған «домбыра» паркінің құны – 1,6 миллиард теңге

15.05.2020

ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІМ САЙЫСЫ

19.05.2021