freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"1 миллиард теңге": ҚТЖ топ-менеджерлеріне берілген ірі сыйақының себебі айтылды

Оқиға
"1 миллиард теңге": ҚТЖ топ-менеджерлеріне берілген ірі сыйақының себебі айтылды
Ашық дереккөзден

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов баспасөз мәслихатында компания топ-менеджерлеріне төленген сыйақы көлеміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Белгілі болған дерек бойынша, аталған сыйақылардың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асып, бұл ҚазМұнайГаз компаниясындағы көрсеткіштен екі есе жоғары деңгейге жеткен. Сонымен қатар, ҚТЖ-ның жалпы қарызы 4 триллион теңгеден асатыны және сәуір айынан бастап билет бағасының 7 пайызға өскені айтылды.

«Билет құны тек инфляция деңгейіне сәйкес көтерілді. Екіншіден, “Самұрық-Қазына” корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, компанияның және атқарушы органның қызметін директорлар кеңесі бағалайды. Оның құрамында шамамен алты тәуелсіз мүше бар. Сыйақы тек таза пайда болған жағдайда ғана төленеді. Өздеріңіз білетіндей, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ таза табысын 2,1 есеге арттырды. Яғни, 2024 жылы пайда шамамен 185 миллиард теңге болса, 2025 жылы ол 340 миллиард теңгеге жетті», - деді Талғат Алдыбергенов.

Оның айтуынша, аталған сомаға тек басқарма мүшелері емес, директорлар кеңесінің мүшелеріне төленетін демалыс ақысы, жалақы және басқа да төлемдер кіреді. Барлығы 19 адамға қатысты төлемдер.

«Шешімді директорлар кеңесі қабылдайды. Бұл шешім үш рет тексерістен өтеді. Яғни, оны біз емес, директорлар кеңесі бекітеді», - деп атап өтті ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу