Батыс Қазақстан облысында 10 жасар қызға қатысты зорлық оқиғасынан кейін шенеуніктер тергеуге ілікті. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеп Malim.kz хабарлайды.
Оқиға 29 қыркүйекте Зачаган кентіндегі № 20 орта мектеп ауданында орын алған. Бастапқыда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған.
Орал қаласының прокуроры Мейірхан Изимовтың айтуынша, қылмысқа дейін ата-аналар мектепке апаратын жолдағы ағаштарды кесу және жарықтандыру қажеттілігі туралы бірнеше рет шағымданған. Алайда Зачаган кентінің әкімдігі бұл мәселеге немқұрайлы қараған. Оқиға болғаннан кейін ғана жол бойындағы ағаштар кесілген.
Прокурордың айтуынша, Зачаган кентінің атқарушы органының қызметкерлерінің өз қызметіне немқұрайлы қарауы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында барлық мән-жай анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.
Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органға қатысты Қылмыстық кодексінің 371-бабы (Немқұрайдылық) бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.
"Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ведомство.
Департамент деректері бойынша 10 жасар қызға қатысты зорлық фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.