Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

110 млн жымқырған. Ақтөбеде ұшақ жөндеу зауытының басшысына қатысты тергеу аяқталды

Құқық
110 млн жымқырған. Ақтөбеде ұшақ жөндеу зауытының басшысына қатысты тергеу аяқталды
Gov.kz

Ақтөбе облысында "Авиажөндеу зауыты №406 ГА" АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдаланып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауар-материал қорларын заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған. МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді бақылауындағы компаниялар арқылы жалған сатып алу схемасын жасаған.

"Зауыт құжаттарында бұл агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған. Кейін олар пайдаланылғанын растайтын есептен шығару актілері бекітілген", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекетке келтірілген шығын - 110 миллион теңге. Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу