Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

12 адамның қазасы: Ақтөбеде тергеу аяқталды

Құқық
12 адамның қазасы: Ақтөбеде тергеу аяқталды
Gov.kz

Жол-көлік апаты кезінде екі жүргізуші де көз жұмды. Алайда іс бойынша жүк көлігінің жүргузішісіне айып тағылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылыған ауданаралық сотында қаралады. Сотқа дейінгі тыңдау 29-желтоқсан күні өтеді. Жүк көлігінің жүргізушісіне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен айып тағылады.

Еске салсақ, қазан айында Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. 

Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты. Аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда екені айтылды. 

Жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды. 

ІІМ Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді. 

Ақтөбеде жол-көлік апатына кімнің кінәлі екені нақтыланды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу