19 жастағы жігіт Қытайдағы бильярд клубында жас қызбен танысқан. Қыз өзін ауқатты әулеттің мұрагері ретінде таныстырып, "беделді жұмыс пен пайдалы байланыстар бар" деген уәдемен жігітті Мьянмаға бірге баруға көндірген. Алайда шекарадан өту кезінде екеуін қылмыстық топ қолға түсіріп, сол сәттен бастап қыз із-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.
Жігіт қылмыскерлердің қолында төрт ай бойы тұтқында болып, ауыр жағдайды бастан өткерген. Оны тәулігіне 20 сағат бойы компьютер алдында отырғызып, киберқылмыспен айналысуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар ұрып-соғып, түрлі азаптаулар қолданған. Осы уақыт ішінде ол шамамен 10 келі салмақ тастап, құлағының бір бөлігінің есту қабілетінен айырылған.
Қылмыстық топ жігіттің отбасынан 48 мың доллар көлемінде өтемақы талап еткен. Алайда туыстары қажетті қаражатты бірден жинай алмағандықтан, ол тек біраз уақыт өткен соң ғана бостандыққа шыға алған.
Ал өзін бай мұрагер ретінде таныстырған қыз бұл аралықта Тайландқа барып, демалып, алынған қаржының бір бөлігін жұмсап үлгерген. Кейін Қытайға оралған кезде ол полиция қызметкерлері тарапынан ұсталғаны белгілі болды.