freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

20 млн теңге субсидияны жымқырған кооператив басшысы сотталды

Құқық
20 млн теңге субсидияны жымқырған кооператив басшысы сотталды
Gov.kz

Түркістан облысы Арыс ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіп саласында тексеру жүргізіп,  нәтижесінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісін анықталды.

«Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылдың сәуір айында ақпараттық жүйеге кооператив атына 2470 бас аналық ірі қара малды жалға алғаны туралы жалған мәлімет, сондай-ақ селекциялық жұмыстар жүргізу үшін 120 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алғаны жөнінде ақпарат енгізген, — делінген Түркістан облысы прокуратурасы хабарламасында.

Сәйкесінше мемлекеттен кооперативтің банктік есепшотына 24 700 000 теңге көлемінде субсидия қаражаты аударылған.

Алайда іс жүзінде селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл тұқымды бұқа және 450 бас аналық ірі қара малға ғана жүргізіліп, заңсыз алынған субсидия сомасы 20 200 000 теңге болған.

Аталған факті бойынша прокуратура қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

 Соттың 20 ақпан 2026 жылғы үкімімен «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды, — делінген прокуратура хабарламасында.

Заңсыз алынған ақшалай қаражат толық көлемде өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу