Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2026 жылы қасқыр мен шибөріге бақылау күшейеді

Экология
2026 жылы қасқыр мен шибөріге бақылау күшейеді
Фото: gov.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеменің әзірленгенін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады.

Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі.

Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген.

Бүгінгі таңда бұл қызмет толығымен автоматтандырылып, www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу